Тәжікстан COVID-19 құрбандарының саны бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынға шықты.
Бұл туралы «Фергана» агенттігі хабарлайды. Соңғы мәлімет бойынша елде коронавиурсты 1500-ден аса адам жұқтырған. Солардың 39-ы көз жұмды. Тағы 4200-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауында. Ал, індеттен айығып шыққандардың саны 500-ге жуықтайды.