425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кения дәрігерлері би билеп, пандемия кезінде жұртты мойымауға шақырды

  • 456
  • UPD: 08:23, 18.05.2020
Кения дәрігерлері би билеп, пандемия кезінде жұртты мойымауға шақырды

Флешмобқа 50-ге жуық медициналық қызметкер қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы коронавирусты жұқтырған науқастарды емдеумен айналысып жатқан мамандар. Ақ халаттылар үрейге берілмеу үшін би билеп, бой жазбақ болғандарын айтады. Жалпы Шығыс Африкада орналасқан осы Кенияда коронавирусты жұқтырудың 800-ден аса дерегі тіркелген. 50 науқас көз жүмып, 300-і індеттен айығып шыққан. Соңғы уақытта мұнда вирусты шетелден әкелу оқиғалары жиілеп кеткен екен. Сол себепті жергілікті билік көрші Танзания және Сомалимен арадағы шекараны жапты.

Хабар 24 телеарнасы