Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында Snowbirds әскери-әуе күштері тобының CT-114 ұшағы құлады.
Оқиға Камлупс қаласы маңындағы аэродромнан ұшып шыққан сәтте болған. Бұл туралы канадалық әскери-әуе күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Canadian Forces Snowbirds экипажының бір мүшесі қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз, ал екіншісі ауыр жарақат алды», - делінген хабарламада.
Мәліметтер бойынша екінші ұшқыштың алған жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген сәтте бірден тұрғын үйдің аумағына құлаған. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.