470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гонконгте заң шығару кеңесінің депутаттары төбелес шығарды

  • 588
  • UPD: 07:53, 19.05.2020
Гонконгте заң шығару кеңесінің депутаттары төбелес шығарды

Гонконг заң шығару кеңесінің депутаттары мен күзетшілері арасында төбелес болып, оппозициялық партияның 14 мүшесі залдан қуылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпсіздік үш күн бұрын ғана сайланған осы органның ішкі істер бойынша төрағасы Чан ЦзяньПоға қарсы наразылықтан туған. Депутаттар жаңа басшы оппозиция қарсы шыққан кей заңдардың қарастырылуын әдейі тоқтатып қойып, комитеттің жұмысына кедергі келтірді деп отыр. Оның ішінде Қытайдың әнұранын кемсіту бар. Осыған байланысты бір топ депутат төрағаға қарай өтуге ұмтылып, олардың жолын бөгеген күзетшілерге жұдырық ала жүгірді. Содан төбелес басталып, бірнеше адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы