415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бельгияда дәрігерлер ауруханаға келген үкімет басшысын кері бұрылып қарсы алды

  • 588
  • UPD: 07:59, 19.05.2020
Бельгияда дәрігерлер ауруханаға келген үкімет басшысын кері бұрылып қарсы алды

Бельгияда премьер-министр Софи Уилместің Сан-Пьердегі аурухананы барып көруі қошемет емес үнсіз наразылықпен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер емдеу орталығына келген үкімет басшысына құрмет көрсетудің орнына кері бұрылып қарсы алды. Осылайша ақ халаттылар биліктен өз еңбектерін тиісті деңгейде бағалауды сұраған. Және Денсаулық сақтау министрлігінің біліксіз мейірбикелерді жұмысқа алу туралы шешімін жоюға шақырды. Бельгиялық дәрігерлердің наразылығы өзге елдердегі әріптестерінің қолдауына ие болды.

Айта кетейік, Бельгия – коронавирустан көп зардап шегіп жатқан елдің бірі. Корольдікте вирусты жұқтырғандардың саны 55 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы