418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

  • 230
  • UPD: 09:53, 19.05.2020
Қытайда жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында жер сілкінді.

Салдарынан төрт адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

5,5 балдық жер асты дүмпулері 18 мамырда кешке 5,5 млн адам тұратын Чжаотун қалалық округінің Цяоцзя уезінде басталған.

Құтқарушылар халықты эвакуациялауды ұйымдастырып, адамдарды қираған үйлерден шығарды.

Хабар 24 телеарнасы