425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда індеттің қайта өршуі мешіттердің ашылуымен байланысты – сарапшылар

  • 350
  • UPD: 14:12, 19.05.2020

Иран коронавирустың екінші толқыны алдында тұрғандай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалар арасында жүріп тұру мен сауда орталықтарының жұмысына шектеуді алып тастаған соң вирусты жұқтырғандар көбейген. Егер бірер апта бұрын ауруханаларға күніне 500-ден 900 адамға дейін түссе, енді олардың саны 2 мыңға жуықтаған. Сарапшылар Ислам республикасында карантинді жеңілдету асығыс қабылданған шешім деп, індеттің қайта өршуі биліктің мешіттерді ашуға рұқсат етуімен байланысты дегенді айтады.

Қазір әлемнің өзге мұсылман елдері сияқты Иранда да қасиетті Рамазан айы. Осыған байланысты билік індетпен жағдай тұрақталған қалаларда мешіттерді ашуға шешім қабылдаған. Бірақ намаз оқу барысында барлық медициналық талап орындалуы тиіс. Кіреберісте мешітке келушілердің дене қызуы тексеріліп, қолдары зарарсыздандырылып, бетперде мен қолғап беріледі. Қатаң шара індеттің таралуына жол бермеуі керек еді. Бірақ мешіттер ашыла салысымен, елде індетті жұқтырғандар саны күрт өскен.

Расулен Нури, мұғалім:

– Карантин салдарынан көптеген отбасының қрмыстық жағдайы нашарлаған. Биілк вирустың екінші толқынын болдырмау үшін көп күш салу керек. Мешіттер мен мектептерді және қоғамдық орындарды ашу тек науқастардың саны аз қалаларда ғана жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймын. Егер билік ахуалды қатаң қаадағалайтын болса, мәселе туындамау керек.

Иранда осы дерттен күн сайын 30-дан 70 адамға дейін көз жұмады. Ауруханаларға мыңдаған адам түсуде. Билік шектеу шараларын жеңілдетті, бірақ қауіп әлі сейілген жоқ дейді мамандар.

Фатиме Заре, дәрігер:

– «Ақ аймақ» деп жарияланған қалаларда қоғамдық орындарды ашу қауіпсіз. Бірақ әлеуметтік арақашықтық пен медициналық талаптар барынша сақталуы тиіс. Діни орындар мен мекетептерге қатысты өзгерістер заңмен бекітілуі қажет деп ойламын.

Қалыптасқан жағдайға байланысты еуропалық адам құқықтарын қорғаушылар Иран президенті Хасан Руханиге карантин режимін қайта қарауды ұсынды. Нақтырақ айтқанда сауда орталықтары мен оқу орындарының және мешіттердің жұмысын шектеуді сұрады. Ал Рухани бұған жауап ретінде елде корнавируспен жағдай тұрақталып, енді мемлекет экономикалық мәселелерді шешуге кіріскенін мәлімдеді.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы