419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египет онлайн туризмі дамыған әлемнің алғашқы еліне айналуы мүмкін

  • 415
  • UPD: 14:13, 19.05.2020

Маусымның басында ғаламтор арқылы мұндағы Гиза пирамидаларына алғашқы экскурсия басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кез келген адам үйден шықпай-ақ қатыса алады. Бастысы сайтта тіркелу қажет. Онлайн экскурсия құны таңдалған бағдарлама түріне қарай 100 доллардан 300 долларға дейін жетуі мүмкін. Инновациялық идея ірі туристік фирмалардың да көңілінен шыққан.

Туристік сектордың өкілдері биліктің бұл бастамасын бірауыздан мақұлдап отыр. Олар виртуалды әлем ел экономикасын дағдарыстан құтқарады деген үмітте. Сөйтіп өткен аптадан бері туристік компаниялар тарихшы, эколог, Ай-Ти мамандар мен блогерлерді жұмысқа ала бастаған. Барлығы жұмылып, осы айдың соңына дейін Мысырдың бетке ұстар орындары мен теңіз түбіне жасалатын онлайн экскурсияның пилоттық жобасын әзірлеуі тіис. Ең қызығы, бұған мемлекеттік бюджеттен бір тиын да бөлінбеген. Шығынның бәрін жергілікті кәсіпкерлердің өздері өтейді.   

Хафес Хосни, туристік компанияның креативті директоры:

– Мысыр дегенде ойға бірден Гиза пирамидалары түседі. Сондықтан экскурсия осы жерден басталғалы тұр. Қазір гидтерді іріктеу жүріп жатыр. Олар тек білікті маман ғана емес, аудиторияны өзіне баурап алатын адам болу керек. Осы жоба тек экономиканы құтқарып қана қалмай, көптеген тұрғынды жұмыспен қамти алады деп үміттеніміп отырмыз.

Ал жергілікті дайверлер экстремалдық экскурсия ұйымдастыруға ниетті. Туристік компаниялар гидтерді таңдауға кіріссе, дайверлер тәжірибелі телеоператорларды жұмысқа алып жатыр.

Фарид Тауфик, әуесқой дайвингпен айналысушылар клубының негізін қалаушы:

– Әзірге бізге бірде бір тапсырыс келіп түскен жоқ. Алайда бәрі алда. Ұзақ уақыт бойы үйден шықпай отырған жұрт табиғатты сағынып қалған болар. Біз бүкіл ел бойынша дайверлер қауымдастығын құрдық.

Алдағы уақытта онлайн экскурсияға Мысыр туризм министрлгінің сайтына тіркелу арқылы жазылуға болады. Тақауда ведомствоның ресми парақшасында тиісті қосымша да іске қосылмақ. Шенеуніктердің болжауынша, онлайн экскурсиялардың арқасында мемлекет шығынның жартылай болса да орнын толтыруды көздейді. Ал егер бұл инновациялық идея іске аспаса, әлемдегі ең ірі Мысыр туризмі банкротқа ұшырайтын түрі бар. 

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Дмитрий Лукша, Светлана Брахмит және Амр Мурад

Хабар 24 телеарнасы