АҚШ-та ойран салған дауылдан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұм отырған көлік қатты желден аударылған. Fox news ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тағы 6 адам зардап шекті. Жараланғандар ауруханада жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен бірнеше тұрғын үй қирап қалды. Апаттан Луизиана штатының солтүстік өңірі ең көп зардап шеккен.