417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар балалардан анықталған белгісіз синдромның COVID-пен байланысын растады

  • 220
  • UPD: 15:29, 19.05.2020
Ғалымдар балалардан анықталған белгісіз синдромның COVID-пен байланысын растады

Шетелдерде балалардан анықталған жаңа қабыну синдромы коронавируспен байланысты болып шықты.

Мұны АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қосымша зерттеулер жүргізу арқылы анықтады.

«Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы COVID-19-бен байланысты растады. Біз бұл туралы болжам жасаған едік, бірақ оны 100 пайыз растау үшін зерттеу жүргізілді. Нью-Йоркте 145 баладан қабыну синдромы анықталды, олардың 67-сінен COVID-19 немесе антиденелер табылды», - деді Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Тағы бір америкалық шенеунік аурудың жаңа белгілерін атады: көптеген қабынулардан басқа, қызба, құсу, бөртпелер және іштің ауыруы, балалардың эмоционалды мінез-құлқындағы өзгерістер, ісінулер, конъюнктивит, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, еріннің жарылуы және тілдің қызаруы.

Айта кетсек, Нью-Йоркте тағы сегіз баладан осыған ұқсас белгілер байқалды. Ал Еуропада бірден бес елдің – Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания және Швейцария дәрігерлері осы синдромды байқағандарын жариялаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы