425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ-ның жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

  • 404
  • UPD: 17:16, 19.05.2020
БҰҰ-ның жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

Біріккен ұлттар ұйымының жеті қызметкері COVID-19-дан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы видеоконференция барысында БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик айтты.

«Бізге БҰҰ жүйесінде 520 қызметкердің коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ-та 147 жағдай тіркелді, оның 78-і Нью-Йоркте. Өлім көрсеткішіне келетін болсақ, өкінішке қарай, олардың саны 7-ге жетті», - деді БҰҰ бас хатшылығының өкілі.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,8 миллионға таяды. Олардың 70%-і АҚШ, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Түркия және Иранда тіркелген екен.

Хабар 24 телеарнасы