412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда археологиялық ескерткіштер ашылды

  • 137
  • UPD: 19:56, 19.05.2020
Грекияда археологиялық ескерткіштер ашылды

Грекияда шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты археологиялық ескерткіштер ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – Афинадағы Акрополь. Жаңа ереже бойынша енді ежелгі қамал қаланы саяхатшылар таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін кіріп, тамашалай алады. Адамдардың дертті жұқтырмасы үшін сақтық шаралары күшейтілген. Туристер әлеуметтік арақашықтықты сақтап, беттеріне маска тағып жүруі тиіс. Сондай-ақ зарарсыздандыру жұмыстарын жиі жүргізіп отыру қарастырылған.

Айта кетейік, Грекияда мұражайлар келесі айдың 15-інде жұмыс істей бастайды. Ал елде туристік маусымды ашу шілде айына жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы