430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi

  • 347
  • UPD: 23:39, 19.05.2020
Түркияда 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi

19 мамыр Түркияда ресми мейрам. Бұл күні туыстас жұрт ел көсемі Ататүрікті еске алып, жастар және спорт мерекесін тойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауырлас халық үшін 19 мамырдың маңызы зор. Түрік елінде 101 жыл бұрын шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жарияланып, ұлт-азаттық соғыс басталды. Бұл күн тәуелсіздік жолында ұлттық қозғалыстың негізін қалаған жастарға арналған. Ресми мейрам коронавирустың таралуына байланысты тойланбады. Бұрын жастар Анкарадағы Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген Анытқабір кешенінде бас қосатын. Биыл тек санаулы кісілердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талапқа сай өтті.

Айта кетейік, Түркияда COVID-19-ға шалдыққандар саны 150 мыңнан асты. Оның 111 мың 577-сі құлан таза айығып шықты.

 

Хабар 24 телеарнасы