410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда әуе қатынасы қалыпқа келе бастады

  • 126
  • UPD: 09:10, 20.05.2020

Германияның Lufthansa әуе компаниясы 2 ай карантиннен кейінгі алғашқы жолаушылар рейсін жүзеге асырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франкфурттан ұшып шыққан әуе лайнері Афина қаласына барды. Ұшақ Грекия астанасына қона салысымен жолаушылар өздерінің денсаулығы жайлы арнайы қағаз толтырып, коронавирусқа тексерілді. Тест нәтижелері шыққанша адамдардың бәрі әуежайдағы қонақ үйде болады. Егер жолаушының дерт жұқтырғаны анықталса, 2 аптаға карантинге жабылады. Ал вирустан таза болып шықса, үйінде 14 күн оқшаулануы тиіс. Тәртіпті бұзғандар 5 мың еуро айыппұл төлейді. Бірақ жаңа ережеге бәрінің бірдей көңілінен шығып жатқан жоқ. 

Бригитта Эдер, жолаушы:

– Мен әуежай, туристік агенттіктер және әуе компаниялары жаңа жағдайға жақсы дайындалмаған деп айта аламын. Себебі ұшақтарда адам көп. Сондықтан сақтық шараларын сақтаудың қажеті жоқ па деп ойлаймын. 

 

Хабар 24 телеарнасы