417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үй басшысы ДДСҰ-ға ашулы

  • 334
  • UPD: 08:59, 20.05.2020
Ақ үй басшысы ДДСҰ-ға ашулы

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шарт қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй басшысы халықаралық ұйымнан Бейжіңмен мәмілеге бармағанын дәлелдеуді талап етті. Әрі Вашингтонның реформаға қатысты талаптарын орындауы тиіс. Егер талаптан бас тартса, АҚШ ДДСҰ-ны қаржыландырудан бас тартып, ұйым мүшелігінен кететінін айтты. Шарт жөнінде Дональд Трамп ұйым басшысы Тедрос Гебрейесусқа жолдаған хатында анық айтқан. Сондай-ақ твиттердегі парақшасына да жазды. Ақ үй басшысы халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін 2019 жылдың желтоқсан айында біле тұра, ешқандай шаралар қабылдамағанын алға тартып, айыптайды.

 

Хабар 24 телеарнасы