418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда індет ошақтары тіркелуде

  • 198
  • UPD: 10:43, 20.05.2020

Германияда коронавирусты жұқтыру дерегі азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен әлі де елдің түрлі аймақтарында індет ошақтары тіркелуде. Өткен аптада Косфельд қаласының ет комбинатында 260-тан аса қызметкер бұл дертті жұқтырып алды. Ал таяуда  400 адам жұмыс істейтін пошта бөлімдерінің бірінде 40-тан аса қызметкерде коронавирус анықталды. Сондай-ақ Бонн қаласының маңындағы босқындар жатақханасы да індет ошағына айналды. Мұнда тұрғындарының жартысы,130 адам, дертке шалдығып қалды. Босқындардың барлығы екі апталық карантинге алынды.  

Али Доган, індетке қарсы жедел топтың жетекшісі:

– Бұл жатақхана үшін үлкен сын-қатер. Ауру 14 күн бойы білінбеуі мүмкін. Біз тексеріп, науқастарды анықтағанша, ауру өзге адамдарға жұғуы ықтимал. Өйткені жатақхана тұрғындары күнделікті бір-бірімен араласып жүреді. Біз барлық тиісті шараны қабылдадық, алайда осындай мекемеде вирустың таралуын тоқтату қиын.

Германияда карантин шаралары едәуір жеңілдетілді. Алайда әрбір федералдық өңір қандай мекемелерге жұмысын бастауға болатынын өзі шешеді. Мысалы, Берлинде 15 мамырдан бастап мейрамханалар жұмысын бастады, енді жақын арада хауыздар ашылуы керек. Ал Макленбург Алғы Померания өңірінде мейманханалар ашылып, келер аптада  30 адамнан астайтын отбасылық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі.

Хабар 24 телеарнасы