425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурде қоғамдық көлікте телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

  • 390
  • UPD: 10:23, 20.05.2020
Сингапурде қоғамдық көлікте телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

Сингапур билігі коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында тұрғындардың қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуіне тыйым салды.

Сондай-ақ тұрғындарды қоғамдық көлікте бір-бірімен байланыс жасауды азайтуға шақырды.

«Біз көлікте бір метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау өте қиын болатынын жақсы білеміз. Өмір біртіндеп қалпына келе бастады, көптеген кәсіпорындардың жұмысы жанданып, мектептер мен университеттердегі сабақтар басталады. Сондықтан біз бірқатар қауіпсіздік шарасын қабылдауымыз керек», - деді елдің ұлттық даму министрі Лоуренс Вон.

Сонымен қатар міндетті түрде қорғаныс маскаларын кию жалғасатынын еске салды.

Сингапурде 1 маусымнан бастап адамдардың шамадан тыс толып кетпеуі үшін қоғамдық көліктер барынша көбейтілмек.

Елдегі коронавирустық пандемияға байланысты 7 сәуірде енгізілген қатаң карантин режимі 1 маусымда аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы