424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолданылған медициналық маскалар 100 жылға дейін шірімейтінін білесіздер ме?

  • 336
  • UPD: 11:16, 21.05.2020

Украина карантин кезінде қолданылған қолғап пен бетперделерден экологиялық таза тәсіл арқылы құтыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киев қаласының 15 ірі сауда орындарында экожәшіктер орнатылып, одан жиналған қалдықтар пеште күйдіріле бастаған.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Бес күн бойы Киевтегі сауда орындарының кіреберісінде мынандай экожәшіктер арнайы қойылған еді. Енді бүгін маска мен қолғап толған қораптарды пешке жағу жұмысы басталды. Бір қорапта шамамен 15 келіге дейін медициналық қалдық жиналыпты. Бұл қауіпті қалдықтар алып пеш орналасқан Киевтегі аңғарда жағылмақ. Тәулігіне бұл пеш 3 тоннаға дейін медициналық қалдықтарды оңай жағып жібере алады. Карантин басталған екі айда қолданып, әр жерге тасталған бетперденің көлемі күрт өскен.

Константин Яловый, Киев қалалық кеңесінің депутаты:

- Мұны білетіндер жақсы түсінеді, қолданылған медициналық маскалар 100 жылға дейін ірімейді, оның зияны өте орасан. Біздің елде қалдықтарды жинау және қайта өңдеу ісі дамымаған. Сондықтан оларды жағып құтылу әдісі жолға қойылады деп үміттенемін. Ол үшін экоқораптар көптеген қоғамдық орындарында қойылуы тиіс. Мұндай жауапкершілік билік пен бизнеске де артылса жақсы болар еді.

«Қораптар қаладағы үлкен сауда орындарында қойылғанмен, қалдықтарды жинау жылдам жүріп жатқан жоқ», деп мұңаяды идея авторлары. Маска пен қолғаптар қайтадан өңдеуге жатпайды және құрамы жағынан полиэтелен пакетіне ұқсас келетінін қоғам түйсінуі қажет. «Сондықтан мүмкіндігінше мұндай маска мен қолғаптардан жағып құтылған қоғамға да, қоршаған ортаға да тиімді», - дейді шара ұйымдастырушылары.

Владимир Cавойський, Экоқауіпсіздік және гигиена орталығының басшысы:

- Украинада қоқысты сұрыптау мәдениеті қалыптаспаған. Сондықтан мұндай іс-шара адамдарың экология алдындағы жауапкершілігін арттырады деп сенемін. Қазіргі күні медициналық маска мен қолғаптарды мол жинау үшін қаладағы жинау қорабының санын арттырмақпыз.

Құрылғы толықтай автоматтандырылған. Басқару экранында пештің жұмыс процесі көрініп тұрады. Қолданылған медициналық маска мен қолғаптардан 1200-1300 градус температурадағы пешке жағып құтылу  экологиялық таза тәсіл деп есептеледі. Өйткені мұндай градуста оның зиянды әрі улы қалдығы зарарсыздандырылады. Және ең бастысы – мұндай температурадан кейін қалдық та, улы газ да қалмайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы