418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда пойыз жүре бастады

  • 231
  • UPD: 10:58, 21.05.2020
Пәкістанда пойыз жүре бастады

Пәкістанда екі айлық үзілістен кейін теміржол қатынасы қайта жанданды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге мемлекет арасында 30 шақты пойыз ғана жүретін болады.

Ал, 1 маусымда барлық бағыттар іске қосылады. Вокзалдағы қауіпсіздік шараларын қадағалау үшін ел бойынша 7 мыңдай полиция қызметкрелері жұмысқа тартылған. Жолаушылар станцияға бір сағат бұрын келуі керек. Вокзалдың ішіне шығарып салушылар кіргізілмейді. Сондай-ақ пойыздарда әлеуметтік қашықтық сақталу үшін тек 60% жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілді.

Айта кетейік, бүгінде Пәкістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 45 мыңнан асқан. 985 науқас қауіпті кеселден көз жұмды.

Шейх Рашид, Пәкістанның теміржол министрі:

Премьер министр 30 пойыздың жолға шығуына рұқсат берді. Бастысы, жолаушылар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау. Яғни, олар бетперде киіп, қашықтықты сақтауы керек. Билет онлайн түрде сатылады. 31 мамырға дейін жағдайды бақылап көреміз. Бәрі дұрыс болса, 1 маусымнан бастап 142 пойыздың барлығы қатынай бастайды.

Хабар 24 телеарнасы