424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мичиган штатында екі бөгет жарылып, 10 мың адам эвакуацияланды

  • 300
  • UPD: 11:26, 21.05.2020
Мичиган штатында екі бөгет жарылып, 10 мың адам эвакуацияланды

АҚШ-тың Мичиган штатында бірнеше күн бойы толассыз жауған жауыннан кейін аймақтағы екі бөгет жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан Мидлэнд округінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Мамандар кей аймақтақтарда су деңгейі 7 метрге дейін көтерілгенін айтады. Құтқарушылар шамамен 10 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Өңірдегі көшелер мен ғимараттар су астында қалды. Қазір 5400-ден астам адам жарықсыз отыр. Абырой болғанда, апаттан адам шығыны жоқ.

Гретхен Уитмер, Мичиган штатының губернаторы:

- Сарапшылар мұндай апат 500 жылда бір рет болу мүмкін дейді. Көп зардап шектік. Ес жию үшін біраз уақыт керек. Үкіметтен көмек сұрайтын боламыз. Су деңгейі 11 метрге дейін көтеріледі деген де болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы