428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күннің ыстығынан Антарктида көгалдана бастады

  • 569
  • UPD: 14:27, 21.05.2020
Күннің ыстығынан Антарктида көгалдана бастады

Осы күннің ыстығынан Антарктиданың өзі көгалдана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Климаттың өзгеруіне байланысты ауа температурасы жылынып, түбекте микробалдырлар көбейді. Ғарыштан түсірілген суреттерде шамамен 1700 аймақ жап-жасыл түспен боялған. Осыған орай Ұлыбритания ғалымдары Антарктида жағалауындағы микроскопиялық балдырлардың таралуын көрсететін жаңа карта шығарды.

«Антарктидадағы бұл құбылыс жер шарындағы климаттың күрт өзгеріп келе жатқанын байқатады», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы