420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар: Қытайда табылған жаңа вирус адамға аса қауіп төндіре қоймайды

  • 411
  • UPD: 15:24, 21.05.2020
Ғалымдар: Қытайда табылған жаңа вирус адамға аса қауіп төндіре қоймайды

Қытайдың солтүстік-шығысынан табылған кейінгі вирус адамға аса қауіп төндіре қоймайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Уханьдағы індеттен әлдеқайда әлсіз. Көрші елдің ғалымдары осылай деп отыр. Оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріле қоймайды және өкпені ғана зақымдайды. Ал қалған ағзаларға ауыз салмайды екен. Ғалымдар бұл вирус Қытайға өзге елдерден келуі мүмкін дейді.

Цю Хайбо, ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің сарапшысы:

- Хэйлунцзян және Цзилинь провинцияларында індеттің ерекшелігі – инкубация кезеңі ұзақ. Ал, жақсы жаңалығы, мұнда ауруы асқынған науқастардың саны Уханьмен салыстырғанда аз, емді де жақсы қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы