418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда біреу бес адамды пышақтады

  • 282
  • UPD: 15:38, 21.05.2020
Австрияда біреу бес адамды пышақтады

Вена маңындағы Баден қаласында ер адамның пышақпен шабуыл жасауы салдарынан бес адам жараланды.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасаған Австрияның баспасөз агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыскер шабуылды қаланың түрлі бөлігінде жасаған. 

Полиция ер адамды қолға түсірді.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы