418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихтағы ең үздік дебюттік әндер анықталды

  • 170
  • UPD: 16:37, 21.05.2020
Тарихтағы ең үздік дебюттік әндер анықталды

Rolling Stone музыкалық журналы бір күннің ішінде орындаушыларын танымал еткен үздік дебюттік композициялардың тізімін ұсынды.

Ең үздік дебюттік сингл атағына Бритни Спирстің 1998 жылы шыққан Baby one more time әні ие болды. Бұл ән 17 жасар әншіні әлемдік жұлдызға айналдырып, поп-музыканың жаңа дәуірін бастады десе болады.

Тізімдегі екінші орнынға Майкл Джексон құрамында болған The Jackson 5 тобының 1969 жылы шыққан I want you back әні жайғасты.

Үздік үштікті 1976 жылы шыққан британдық панк-рок топтың Anarchy in the U.K. әні жапты.

Сонымен қатар рейтингке мына әндер кірді:

Good times bad times – Led Zeppelin;

That’s all right – Элвис Пресли;

Tim McGraw – Тейлор Свифт;

Old Town Road – Lil Nas X;

Through the wire – Канье Уэст;

Creep – Radiohead;

Dreaming of me – Depeche Mode;

Love me do  – The Beatles;

Take It easy – The Eagles;

Everybody – Мадонна.

Еске салсақ, бұған дейін Евровидение халықаралық ән байқауы тарихындағы ең үздік әннің анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Ол атаққа шведтік ABBA тобының Waterloo әні ие болды.

Хабар 24 телеарнасы