399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

  • 83
  • UPD: 10:31, 22.05.2020
Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Украинаның Министрлер кабинеті коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ел аумағындағы карантинді 22 маусымға дейін ұзарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды біртіндеп жұмсарту туралы қаулыны жариялады.

Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлайды.

Тиісті № 392 қаулы 20 мамыр күні қабылданған. Құжатта коронавирусты болдырмау үшін «бүкіл Украина аумағында 2020 жылдың 11 наурызында Украина Министрлер кабинетінің № 211 қаулысымен жарияланған карантинді ұзартып», оның мерзімін 22 мамырдан 22 маусымға дейін ұзарту қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы