411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада ер кісі жеті адамды атып өлтірді

  • 106
  • UPD: 12:53, 22.05.2020
Украинада ер кісі жеті адамды атып өлтірді Киев полициясы

Украинаның Житомир облысында ер адам жеті адамды атып өлтірген.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

– Балық аулауға жиналған тоғыз адамның арасында демалатын орынды жалға беруші де болған. Бұл топ спирттік ішімдік ішіп, кейіннен алтауы ұйықтап қалған. Осы уақытта қалған үшеуінің арасында кикілжің туындап, жалға беруші аң аулауға арналған қарумен қонақтарды атып өлтірген, – деп жазды Геращенко.

Қазіргі уақытта күдікті анықталып, полиция оны қамауға алған.

Хабар 24 телеарнасы