411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавируспен күресте вакцинаға үміттенудің қажеті жоқ – америкалық ғалым

  • 233
Коронавируспен күресте вакцинаға үміттенудің қажеті жоқ – америкалық ғалым

Уильям Хазелтайн есімді америкалық ғалым коронавируспен күресте вакцинаға үміттенудің қажеті жоғын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамның иммун тапшылығы вирусы мен геномын зерттеумен айналысатын маманның айтуынша, індеттің таралуын тежеу үшін қатерлі вирусты бақылауда ұстап үйрену керек. Ол үшін науқастардың кіммен байланыста болғанын және әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын жіті қадағалау қажет дейді ол. Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша 5 миллионнан астам науқас тіркелген. 330 мың адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы