411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың 11 президентіне қызмет еткен Рузвельт Джерман коронавирустан қайтыс болды

  • 95
  • UPD: 18:05, 22.05.2020
АҚШ-тың 11 президентіне қызмет еткен Рузвельт Джерман коронавирустан қайтыс болды NBC

Ақ үйдің аты аңызға айналған қызметшісі Уилсон Рузвельт Джерман 92 жасында коронавирустан көз жұмды.

Оның отбасының айтуынша, Уилсон 2012 жылы, Барак Обама президент болып тұрған кезде зейнетке шыққан.

NBC телеарнасының хабарлауынша, ол Ақ үйге 1957 жылы Дуайт Эйзенхауэрдің кезінде келіп, тазалаушы болып жұмыс істей бастады.

Одан соң Джон Кеннедидің ел басқарған кезінде оның қызметі өскен. Бұған Джерманмен жақсы қарым-қатынас орнатқан АҚШ-тың бірінші ханымы Жаклин Кеннеди себепкер болған.

Хабар 24 телеарнасы