411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай алғаш рет 2020 жылға ЖІӨ өсімі бойынша жоспар бекітуден бас тартты

  • 96
  • UPD: 18:42, 22.05.2020
Қытай алғаш рет 2020 жылға ЖІӨ өсімі бойынша жоспар бекітуден бас тартты

Қытай үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық саясатта ерекше қадам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

1994 жылдан бері ресми Бейжің алғаш рет 2020 жылға жалпы ішкі өнімінің өсімі бойынша жоспар бекітуден бас тартты. Қытай парламентінің жыл сайын өтетін сессиясында осындай мәлімдеме жасалды. Дегенмен, ел билігі кедейлікті азайту және барлық салаларда ауқатты қоғам құруға бағытталған жұмысқа көңіл бөлуді көздеп отыр. Бұл тұста жұмыссыздықпен күрес, қаржылық саланы қадағалау және сыртқы сауда мен инвестициялар саласында ахуалды жақсарту шараларын қолға алу қарастырылған.

Ли Кэцян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі:

- Биыл экономикалық өсім бойынша жоспар бекітпегенімізге назар аударғым келеді. Өйткені COVID-19 пандемиясына байланысты әлемдік экономика мен саудада жағдай қалай өрбитінін болжау қиын.

Хабар 24 телеарнасы