411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандағы ұшақ апатынан борттағы 107 адам көз жұмды

  • 73
  • UPD: 21:17, 22.05.2020
Пәкістандағы ұшақ апатынан борттағы 107 адам көз жұмды

Пәкістан халықаралық әуе желісі компаниясының Airbus A320 ұшағы Карачи қаласындағы тұрғын үйлердің біріне құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы ақпарат бойынша бортта 8 экипаж мүшесі мен 91 жолаушы болған. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, апаттан борттағы барлық 107 адам көз жұмған.

Тұрғын үй қирандылары астынан 20 тұрғын құтқарылды. Әуе кемесі Лахор қаласынан Карачи әуежайына бағыт алған екен. Қонуға бірнеше минут қалғанда апатқа ұшырапты. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы