411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонгонгте ұлттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасы сынға қалды

  • 77
  • UPD: 23:32, 22.05.2020
Гонгонгте ұлттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасы сынға қалды

Гонгонгтың демократияшыл құқық қорғаушылары мен белсенділері Бейжің ұсынған ұлттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер «Гонгонг Синьцзяндық болып барады» деген айқаймен қала көшелерін аралады. Дегенмен, ізінше тәртіп сақшылары ереуілді тоқтатты.

Айта кетейік, бұған дейін жалпықытайлық халық өкілдерінің кеңесі, яғни, Қытайдың Жоғарғы заң шығарушы органы Гонгонтың ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі заңды қарастырған. Онда бүлік шығарып, көтеріліс ұйымдастырған сепаратистерді ұлт қауіпсіздігіне қатер төндірді деген айып тағып, жазалау көзделеген. Құқық қорғаушылар бұл заң арқылы Қытай Гонгонгты дербестігінен айырмақ деп отыр.

Лии Чук-Ян, Патриоттық-демократиялық қозғалысты қолдауға бағытталған гонконгтық альянстың хатшысы:

- Жалпықытайлық халық өкілдері кеңесі арқылы Гонконгқа ұлттық қауіпсіздік бойынша заңды тықпалау «бір мемлекет, екі жүйе» концепциясын жоққа шығару. Осылайша, олар Гонконгты дербестігінен айырмақ. Бұл заңнан соң «бір мемлекет, бір жүйе» ұстанымы пайда болады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы