399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рамзан Қадыровтың коронавирус жұқтырғаны рас па?

  • 111
  • UPD: 09:54, 23.05.2020
Рамзан Қадыровтың коронавирус жұқтырғаны рас па?

Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов Рамзан Қадыровтың коронавирусқа шалдыққаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, БАҚ беттеріндегі таралған мәлімет қауесет болып саналады. Даудов мемлекет басшысының денсаулығы жақсы деп отыр. Еске салайық, таяуда Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері байқалып, президент Мәскеу ауруханаларының біріне түсті деген ақпарат желдей тарап кеткен. Жалпы, Шешенстан Республикасында «Ковид-19» дертіне шалдыққан науқастардың саны бір мыңнан асты. Індеттен 11 адам көз жұмды. Мамырдың 16-сынан бастап елде карантин шектеулері біртіндеп жеңілдей бастады.

Хабар 24 телеарнасы