411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирусты жұқтыру дерегі азайып келеді

  • 69
  • UPD: 13:19, 23.05.2020
Германияда коронавирусты жұқтыру дерегі азайып келеді

Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастар саны азайып келеді.

Соңғы тәулікте 84 млн халқы бар елде 460 адам ғана вирус жұқтырған. Жалпы аймақта карантин шаралары жеңілдей бастады. Осыған орай мейрамхана, мұражай, теарт мен өзге де мекемелер  жұмысы жанданды. Бұған қарамастан өңірде туристер легі жоқтың қасы. Мәселен, Германиядағы әуе қатынастың  тек14 проценті ғана қалыпты жұмысына көшті. Жалпы пандемия салдарынан Еуропаның көптеген әуе компаниясы қаржы қыспағында қалды. Мысалы, бүгінде «Люфтганза» компаниясы сағатына 1 млн, ал айына 800 млн еуродан қағылып отыр. Сарапшылардың пікірінше, енді концернның ес жиюы үшін 9 млрд еуро қажет. Мамандар үкіметтің көмегінсіз компанияның тығырықтан шығуы екіталай деп отыр.

Николей Баублис, «Ufo» кәсіподағының өкілі:

– Үкімет «Люфтганзаға» қаржылай көмек көрсетеді деген үміттемін. Бұл компанияның қызметкерлері үшін де маңызды. Өйткені көптеген адам жұмысынан айырылуы мүмкін. «Люфтганза» компаниясы  да қызметкерлеріне көмек беру пакетін ұсыну керек.  Әрине қиыншылықтар болады деп ойлаймын. 

Сарапшылардың пайымдауынша, биыл Германияның 29 кәсіпорны банкротқа ұшырайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 54 процентке артық. Алайда керісінше, кірісі бірнеше есе артқан компаниялар да бар. Мысалы,  органикалық шыны өндіретін кәсіпорынның табысы өсті. Мәселен, пандемия басталғалы тауардың бұл түрі көптеген ғимаратта, тіпті көліктерде де вирустан қорғану мақсатында кәдеге жарады. 

Хабар 24 телеарнасы