399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Внуково әуежайында азаматтар КВИ-ді анықтайтын тестіден өте алады

  • 82
  • UPD: 14:09, 23.05.2020

Мәскеудегі Внукова әуежайында халық коронавирусты анықтайтын тестіден өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара ауру белгілері байқалмаған, бірақ вирус жұқтыру қаупі бар адамдарға арналған. Әкімшілік келесі аптадан бастап нәтижені тез көрсететін экспресс-тест болады дейді. Жалпы, әуежайда өзге жерге ұшуға бел буған жолаушылар легі аз.

Валерий Бакаев, жолаушы:

– Қазір жолға шығу қорқынышты. Отбасы жағдайыма байланысты амалсыздан ұшаққа отырдым. Немерем ауруханаға түскендіктен ғана сапарға шыққан едім. Енді елге қайтамын. Әрине, менің жасымдағы адамдарға үйде карантинде отырғаны абзал.

Мамандар ауру белгілері байқалмаса да тест тапсыруды жөн санайды. Адамдар жұмыс күндері алдын ала жазылып тексерістен өте алады. Процедураның өзіне 15 мин уақыт кетсе, нәтижесін бірнеше күн күту керек .

Эдуард Геворкян, Внуково әуежайындағы медициналық орталықтың басшысы:

– Жақын арада антиденелерді 10 минутта анықтайтын экспресс-тестілер болу керек. Бұл мәселеге қатысты тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Әзірге компанияда олардың саны жеткіліксіз. Бұйырса, келер аптада тестінің бұл түрі де қолжетімді болмақ.

Хабар 24 телеарнасы