399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандағы ұшақ апатының себебі анықталып жатыр

  • 89
  • UPD: 13:20, 23.05.2020
Пәкістандағы ұшақ апатының себебі анықталып жатыр

Пәкістанның Карачи қаласында апатқа ұшыраған ұшақ бір топ құсқа соқтығысқан болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Nation басылымы Твиттердегі парақшасында осындай болжам жасайды. Айтуынша, әуе көлігінің шассиі де ашылмай қалған. Алайда «Пәкістан халықаралық әуежелісі» компаниясының өкілі апаттың нақты себебін айту әлі ерте дейді. Өйткені тергеу амалдары әлі де жалғасуда.

Еске салайық, Airbus A320 ұшағы Карачи қаласындағы тұрғын үйлердің біріне құлаған. Соңғы ақпарат бойынша, бортта 8 экипаж мүшесі мен 91 жолаушы болды. Апаттан аман қалғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр. Бірнеше тұрғын үйдің тас-талқаны шыққан. Мамандар қирандылар астында тағы адамдар болуы мүмкін дейді.

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы