399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына байланысты 2 адам қамауға алынды

  • 119
  • UPD: 15:05, 23.05.2020
Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына байланысты 2 адам қамауға алынды

Өзбекстандағы Сардоба бөгетінің бұзылуына байланысты 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қамауға алынды, деп хабарлайды осы елдің Бас прокуратурасы. Құзырлы орган тергеу мүддесі үшін күдіктілердің есімін жарияламай отыр. Алайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, тәртіп сақшыларының қолына түскендердің бірі су қоймасын пайдалануға беру және оны дамыту дирекциясының басшысы болуы мүмкін. Бұған дейін дамбаның жарылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын еске сала кетейік. Апатқа кінәлі адамдарға «қауіпсіздік ережелерін бұзды» және «қызметіне салғырттық танытты» деген айыптар тағылған. Мамырдың бірі күні Сырдария өңірінде бөгет қақ ортасынан жарылып, салдарынан тасқын жүрген еді. Топан су Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында біраз үйді шайып кеткен болатын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы