432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда мұражайлар мен тарихи орындар ашылады

  • 341
  • UPD: 09:50, 24.05.2020
Иранда мұражайлар мен тарихи орындар ашылады

 

Иран билігі жуық арада елдегі барлық мұражайлар мен тарихи орындарды қайта ашпақ.

Бұл туралы Президент Хасан Рухани мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған орындар ораза айт меркесінен кейін жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ елдегі барлық мешіттерді ашу мәселесі де алдағы күндері талқыланбақ.

Айта кетейік, Иранда бұған дейін індет қауіпі сейілген аудандарда мешіттер ашылған. Осымен бірге тұрмысқа аса қажетті тауарларды сатумен айналыстан дүкендер жұмыс істей бастады. Ал соңғы мәліметке қарағанда, Ислам Республикасында вирусты жұқтырғандар 131 мыңнан асып, олардың 100 мыңнан астамы жазылып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы