418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда музейлердің жұмысы жанданды

  • 199
  • UPD: 18:18, 24.05.2020
Италияда музейлердің жұмысы жанданды

Италияның оңтүстігінде орналасқан Пестумдағы Афина храмы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи жерлерді тамашалау үшін саяхатшылар санитарлық талаптарды сақтауы міндетті. Мұражайға кіретін адам саны да шектеулі болады. Мамандар келушілердің дене қызуын жіті қадағалап отырады. Халықтың көптеп жиналуына жол берілмейді.  Мамырдың 26-сы күні ашық аспан астындағы Помпей мұражайы да ашылмақ.  Ал Ватикан мұражайы маусымның 1-і күні қалыпты жұмысына көшеді.

Хабар 24 телеарнасы