Австралияның батыс бөлігіне алапат дауыл таяп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екпінді желдің арты жауынға ұласады деген болжам бар. Мамандар бұл кейінгі он жылдағы ең алапат дауыл болуы мүмкін деп ескертті. Осыған дейін табиғат апаты елдің оңтүстігінде ойран салған еді. Әйтеуір, құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Алайда жүздеген ғимарат қирады. Енді Батыс Австралия штатының билігі тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырып отыр.