405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қарсы шықты

  • 151
  • UPD: 10:02, 25.05.2020
Британияда ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қарсы шықты

«Маусымда балаларды мектепке қайта жіберу қауіпті». Британдық ата-аналардың шамамен 80 проценті осылай ойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны елде жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткен. Оған қатысқан адамдардың жартысы оқуды қыркүйекте жалғастырған жөн болады деп отыр. Айта кетсек, Ұлыбританияда карантинді біртіндеп жеңілдетудің бірінші кезеңіне сәйкес, 11 мамырда құрылыс компаниялары мен азық-түлік өндірісімен айналысатын кәсіпорындар жұмысын бастаған. Екінші кезеңде 1 маусымнан бастап бастауыш мектептер ашылмақ. Алайда бұған баласының қауіпсіздігі үшін алаңдаған ата-аналар ғана емес, кәсіподақтар да қарсы шығып отыр.

Саймон Кеннеди, Nasuwt оқу одағының баспасөз хатшысы:

– Ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Мектеп басшылығы мамандардың зерттеу нәтижелері негізінде жұмыс істеу керек. Алайда ол деректер тек бірер күн бұрын ғана дайын болды. Мектеп басшылығы аз ғана уақыт ішінде бұл ақпаратты саралап үлгерді деп ойламаймын. Білім беру мекемелері балалар мен мұғалімдерге төнетін қауіп-қатер деңгейі анықталғаннан кейін ғана ашылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы