410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлем бойынша науқастар саны 5 жарым млн-ға жуықтады

  • 197
  • UPD: 09:59, 25.05.2020
COVID-19: әлем бойынша науқастар саны 5 жарым млн-ға жуықтады

Чилиде соңғы бір тәулікте 3 мың 700 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, елдегі науқастардың жалпы саны 69 мыңнан асып отыр. Бұдан бөлек, тағы 45 адам қайтыс болған. Осылайша қауіпті вирустан көз жұмғандардың қатары 718-ге жетті. Қазір Чили коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Латын Америкасы елдері арасында үшінші орында. Алда тек Бразилия мен Перу ғана. Ал Нью-Йоркте соңғы 24 сағатта өлім деректері артқан. Штат губернаторының мәліметінше, бір тәулікте 109 адам бақилық болыпты. Испанияда да көз жұму фактілері артып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарға сай, 70 адам қаза тапқан, тағы 246 азамат вирус жұқтырған. Айта кетейік, бүгінде Испанияда 236 мыңдай науқас бар, 29 мыңға жуық азамат көз жұмды. Ал әлем бойынша тіркелген науқастардың саны 5 жарым миллионға жуық. 346 мыңнан астам азамат қайтыс болды. 2 миллион 291 мың науқас айығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы