410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда тамақтану орындары қонақтарын қайта қабылдай бастады

  • 195
  • UPD: 13:16, 25.05.2020
Грекияда тамақтану орындары қонақтарын қайта қабылдай бастады

Мұнда бүгіннен бастап мейрамханалар мен дәмханалар ашылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені елде коронавирустың таралуы бәсеңдеген. Осы ретте өткен аптада мұнда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды. Оған сәйкес, мектептер ашылып, сауда орталықтары жұмысын жандандырды. Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 1 шілдеден бастап мұнда шетелдік туристерге келуге рұқсат. Жалпы осы Эллада елінде вирусты жұқтырудың 2 мың 900-ге жуық дерегі тіркелген екен. 171 адам көз жұмған. Грекия Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып пандемияға байланысты шектеу шараларын енгізген еді.

Хабар 24 телеарнасы