417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандық жанармай танкері Венесуэлаға жетті

  • 227
Ирандық жанармай танкері Венесуэлаға жетті

Венесуэлаға жанармай жеткізумен айналысып жатқан ирандық 5 танкердің алғашқысы оңтүстікамерикалық елдің аумақтық суларына кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, қазір ол ел астанасы Каракас маңындағы портта тұр. Танкер Венесуэлаға жеткенше әскерилердің бақылауында болған. Өйткені ел билігі Құрама Штаттар тарапынан арандатушылық бола ма деп қауіптенеді. Жалпы Иранның 5 танкері Венесуэлаға 1 жарым миллион баррель бензин жеткізбек. Бұл қор бір айға жетуі керек. Айта кетейік, жанармай жеткізу ісі АҚШ, Иран және Венесуэла арасындағы дипломатиялық дау туғызған еді. Өйткені аталған ел америкалық санцияға іліккен болатын.

Хабар 24 телеарнасы