405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венеция қайтадан туристер қабылдай бастады

  • 150
Венеция қайтадан туристер қабылдай бастады

 

Ең бірінші болып шаһарға Венето өңірінің тұрғындары келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер әйгілі Сан-Марко алаңы мен көне көпірлерді аралап, естелік суретке түсуде. Маусымның үшінен бастап мұндай мүмкіндік Еуроодақ елдерінің тұрғындарына да берілмек. Саяхатшылардан бөлек, қалаға танымал актерлер де ат басын бұруы мүмкін. Мәселен, наурызда танымал «Миссия невыполнима» фильмінің кезекті бөлімінің түсірілімі өтуі керек еді. Алайда пандемия кесірінен ол кейінге қалды. Жалпы Венеция үшін туризмнің қайта жандануы өте маңызды. Өйткені шаһар туристерден түсетін түсімдермен күн көреді.

Хабар 24 телеарнасы