405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ карантинді ерте енгізгенде, мыңдаған өмірді аман алып қалар еді – ғалымдар

  • 151
  • UPD: 15:12, 25.05.2020
АҚШ карантинді ерте енгізгенде, мыңдаған өмірді аман алып қалар еді – ғалымдар

Егер Америка әлеуметтік арақашықтық сақтау туралы ережені бір апта бұрын енгізгенде, кемінде 36 мың адамның өмірін аман алып қалар еді.

Колумбия университетінің ғалымдары осындай байламға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім шығару үшін мамандар 15 наурыз бен 3 мамыр аралығында коронавирустың таралу қарқынын көрсететін модель жасап шықты. Нәтижесінде ғалымдар карантин бір аптаға ерте басталғандағ өлім деректері 84 процентке, ал вирус жұқтыру 82 пайызға аз болар еді деген тоқтамға келді.

Айта кетейік, АҚШ-та инфекция жұқтырған алғашқы науқас 1 наурызда тіркелген еді. 13 күн өте ел билігі қатерлі вирустан бір адамның бақилық болғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы