419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда 100 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

  • 212
  • UPD: 08:39, 26.05.2020

Жаңа Зеландия коронавирусқа байланысты енгізген шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елде бір дегенде 100 адамның жиналуына рұқсат. Бұған дейін 10 кісіден артық  басқосуға тыйым салынған еді. Осымен бірге жұмысынан айырылған адамдарға өтемақы төленетін болады. Жалпы, ресми Веллингтон індетке байланысты қауіп деңгейін алдағы апталарда тағы төмендетуді көздеп отыр.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

– Қазіргі өзгеріс көптеген кездесу өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ концерттер сияқты ірі іс-шараға адамдардың санына қарай шектеу сақталады. Бұл шешім вируспен күресуді жалғастырып, қалыпты өмірге қайта оралуға септігін тигізеді деп сенемін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы