405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қоғамдық көліктер қалыпты жұмысына оралды

  • 160
  • UPD: 08:40, 26.05.2020

Қытайда соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың 11 дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы шетелден келген адамдардан анықталды. Ал Бейжіңде 40 күн бойы дертті жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. Қаладағы қоғамдық көлік қалыпты жұмысына оралып жатыр. Жалпы, шаһарда 30 мыңға жуық автобус қатынап, метроның 23 желісі мен 405 бекеті бар. Метро мен автобусқа кіргенде бетперде тағу міндетті. Метроға кіре берісте әлі де дене қызуы өлшенеді, ал автобустар мен вагондар үнемі дезинфекцияланады. Жалпы, қала тұрғындары қоғамдық көлікпен жүруді қауіпсіз санайды.

Дегенмен қала билігі автобустар мен метрода халық санын азайтуғы тырысып келеді. Егер бұрын Бейжіңде жеке меншік көлікпен жүруге шектеу болса, қазір оны алып тастады.

 

Хабар 24 телеарнасы