412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда карантин тәртібі жұмсарады

  • 177
  • UPD: 10:22, 26.05.2020

Ұлыбританияда карантин шектеулері тағы да жеңілдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келер айда аймақтағы көптеген сауда орыны мен автосалондар жұмысын жандандырмақ. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады. Басшы баспасөз-конференциясында берген сұхбатында кәсіпорындарды барлық санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды. Жуырда Джонсон маусымның 1-інен бастап бастауыш сынып оқушылары да сабағына оралады деген еді. Айта кетейік, Біріккен Корольдікте коронавирус жұқтырғандар саны 261 мыңнан асып, қаза болғандардың қатары 37 мыңға жуықтады. Соңғы тәулікте осы кеселден 121 адам көз жұмып, 1625 тұрғынға «Ковид-19» диагнозы қойылды.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Ұлыбританияда коронавирусты анықтайтын 3 млн 500 мыңнан астам тест өткізілді. Нәтижесінде 261 мың 184 адамға «Ковид-19» диагнозы қойылды.  Әзірге ашық аспан астында сауда орындары мен автосалондар  ашылады. Ал маусым айының ортасында көптеген дүкен жұмысын жандандырады. Алайда мұның бәрі аймақтағы жағдайға байланысты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы