420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Черногорияда кейінгі 20 күнде вирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

  • 326
  • UPD: 14:08, 26.05.2020

Черногорияда вирус жұқтырудың бір де бір жаңа дерегі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел премьер-министрі хабарлады. Мемлекеттің туризм индустриясына тәуелді екенін ескерсек, бұл өте маңызды мәлімдеме. Айта кетейік, инфекцияға шалдыққан алғашқы науқас осыдан 69 күн бұрын анықталды. Ал 20 күн бұрын соңғы дерек тіркелген еді. Жалпы, осы уақытқа дейін Черногорияда 324 адам вирус жұқтырды. 9 азамат қайтыс болды. Қауіпті індеттен қорғану мақсатында 620 мың тұрғыны бар республика наурыздың басында шекарасын жауып, адамдардың топ болып жиналуына тыйым салған еді. Бірақ наурыздың 30-сынан бастап шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіле бастады. Үкімет басшысы Душко Марковичтің айтуынша, ел шекарасы тек 100 мыңға адамға 25 науқастан келетін мемлекеттерге ғана ашылады. Бұл тізімге әзірге Хорватия, Албания, Словения, Германия және Грекия елдері кіреді.

Душко Маркович, Черногория премьер-министрі:

– Қазір біздің елде коронавирус жоқ. Сондықтан бетпердемді шешіп сөйлейін. Мен Черногория халқына үндеу жолдағым келеді. Бүгінде ел бойынша инфекцияға шалдыққан бір де бір азамат жоқ. Қауіпті вируспен күресте біз жеңіске жеттік. Осы көрсеткіш бойынша Черногория Еуропадағы алғашқы ел. 

Хабар 24 телеарнасы