417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда мінәжат етуге арналған орындар ашылды

  • 204
  • UPD: 15:44, 26.05.2020
Калифорнияда мінәжат етуге арналған орындар ашылды

Калифорнияда мешіттер, шіркеулер мен синагогалар ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің талабы бойынша ғимараттағы адам саны шектеулі болу керек.  Мысалы, шіркеудің көлеміне қарамастан бір уақытта 100-ден астам адам жиналмауы тиіс. Маска тағу мен әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы да жіті қадағаланады. Ал шіркеудегі хор тек ашық аспан астында өткізілуі керек. Айта кетейік, бұған дейін барлық діни іс-шара онлайн режимде өткен еді.

 

Хабар 24 телеарнасы